Премьер-министр Олжас Бектенов денсаулық сақтау және білім министрлері мен Маңғыстау облысының әкімімен бірге Бесшоқы ауылындағы мектепте балалардың жаппай улануы жайлы мәлімдеме жасады.
Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Премьер-министрдің мәліметінше, қазіргі уақытта дәрігерлердің бақылауында 460 бала бар, олардың 83-і ауруханаға жатқызылған, ал екі бала реанимацияда түскен еді.
Қазіргі таңда барлық баланың жағдайы тұрақты, реанимациядағы екі баланың денсаулығының жақсара бастаған соң, олар жалпы бөлімге ауыстырылды.
Қазіргі уақытта ауруханаға улану белгілерімен түскен балалардың барлығына толық көлемде қажет медициналық көмек, соның ішінде психологиялық көмек көрсетілуде. Оқиға орнында ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің өкілдері жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендерге және олардың отбасыларына қолдау шараларын көрсету бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр, — делінген хабарламада.
Сонымен қатар премьер-министр баспасөз қызметі аурудың таралуын тоқтату және жою мақсатында аймаққа «Ғылыми-практикалық санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониториң орталығы» филиалының мамандары жіберілгенін айтты.
Үкімет басшысының тапсырмасымен, барлық мектеп асханаларында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын тексеру үшін бір ай ішінде мониториң жүргізіледі, бұл мектеп тағамдарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және осындай оқиғалардың қайталануын болдырмауға бағытталған.
№8 мектепте улану себептерін зерттеу жүргізіліп жатыр. Жауапты тұлғалар заң бойынша жазаға тартылады.