Маңғыстау облысында әскери қызметкер қаза болды. Бұл туралы қорғаныс министрлігі хабарлады.
Оқиға 7 қыркүйекте «Оймаша» полигонында болды. Қаруды пайдалану ережелері бұзылған, мерзімді қызметтегі әскери алған жарақатынан қаза тапты, — делінген хабарламада.
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, қылмыстық іс қозғалды.