Басты бетPushЕлдос Сметов...

Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаевқа пәтер кілті табысталды

Олимпиада чемпионы Елдос Сметов пен қола жүлдегер Ғұсман Қырғызбаевқа пәтер кілті табысталды. Бұл туралы Қазақстан дзюдо федерациясы хабарлады.

Қазақстан дзюдо федерациясы дзюдодан тұңғыш Олимпиада чемпионы Елдос Сметовке Астана қаласынан үш бөлмелі пәтер кілтін табыстады. Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Ғұсман Қырғызбаевқа Астана қаласынан бір бөлмелі пәтер сыйға берілді, — делінген хабарламада.

Олимпиада ойындарында 5-ші орынға тұрақтаған Абиба Абужақыноваға 5 млн теңгенің сертификаты табысталды.