Басты бетPushГермания канцлері...

Германия канцлері Олаф Шольц Қазақстанға келеді

Германия канцлері Олаф Шольц Қазақстанға келеді. Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 2024 жылдың 16-17 қыркүйек күндері Германияның федералдық канцлері Олаф Шольц Қазақстанға ресми сапармен келеді, – делінген хабарламада.

Сапар аясында Астанада келіссөздер және «Орталық Азия + Германия» форматындағы екінші кездесу өтетіні жоспарланған.