Абай облысында егін жинау науқаны жалғасып жатыр. Шаруашылықтар қазірдің өзінде 147,8 мың га дәнді және бұршақты дақылдар жинады. Орташа өнімділік 14,5 ц/га құрады, 214 мың тонна астық бастырылды.
Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
Министрліктің мәліметінше, Бородулиха ауданының «AgroUnity» ЖШС өнімділігі бойынша көш бастап тұр, онда шаруалар гектарынан 27 центнерден жинайды.
Бидай жинау алаңы 239,0 мың га болды. Бүгінгі күні 111,3 мың га жиналды, 158,6 мың тоннадан астам бастырылды, орташа өнім 14,3 ц/га. Майлы дақылдар бойынша жоспар — 295,8 мың га. 17,5 мың тонна картоп жиналды, орташа өнім 218,8 ц/га, — делінген хабарламада.
Көкөніс дақылдарын жинау алаңы 3,8 мың га. Қазіргі уақытта 1,0 мың га жиналды, орташа өнім 236,5 ц/га, 22,7 мың тонна өнім бастырылды.