Бүгін, 6 қыркүйекте Парижде өтіп жатқан 2024 жылғы паралимпиада ойындарында қазақстандық спортшылар үш сайыс түрінен жарыс жолына шығады.
Пара жүзуден 12:45-те Сиязбек Дәлиев, 14:11-де Зульфия Габидуллина ел намысын қорғайды.
Ал 13:00-де парадзюдодан Ерғали Шәмей Арминдо Родригес (Франция) пен Юджи Като (Жапония) жұбының жеңімпазымен кездессе, Даяна Федосова мен бразилиялық Да Силва Тейшейра Араухо, Аяла Мереке жапониялық Казуса Огавамен шеберлік байқасады.
Сонымен қатар пара каноэ 13:10-де Бейбарыс Сыпатай, 13:30-де Жаңыл Балтабекова сайысқа түседі.
Айта кетсек, паралимпиаданың сегізінші жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында екі алтын, екі күміс, бір қола жүлде бар.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасының спортшылары Париж паралимпиадасына спорттың тоғыз түрінен 33 лицензия жеңіп алды.