Қазақстанның Нидерланд Корольдігіндегі елшісі ауысты. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысының жарлығымен Қайрат Құдайбергенұлы Әбдірахманов Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі, Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды.
Мемлекет басшысының жарлығымен Асқар Қуанышұлы Жұмағалиев Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі, Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым жанындағы Қазақстан Республикасының тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды.