Олжас Сүлейменов Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды.
Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Мемлекет басшысының жарлығымен Олжас Мұхамедғалымұлы Сүлейменов Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды, — делінген хабарламада.
Бұл ретте, Сергей Нұртаев Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Дания Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылған.