2024 жылғы 5 қыркүйек сағат 8.00-ден 9 қыркүйек 6.00-ге дейін Алматының Бостандық ауданындағы көлік қозғалысы Есқараев көшесінде Е.Серкебаев даңғылынан Розыбакиев көшесіне дейін жабылады.
Бұл туралы «Алматы жылу желілері» ЖШС хабарлады.
Қозғалыс екі жаққа да шектеледі.
Жылумен жабдықтау желілеріндегі жөндеу жұмыстарынан кейін жолдың асфальтбетон төсемін қалпына келтіру үшін уақытша шектеу енгізіледі.
Еске салайық, қозғалысты шектеуге қатысты барлық ақпарат Almaty.kz сайтында, @AlmatyJoly Telegram арнасында, аудандық әкімдіктер мен басқармалардың әлеуметтік желілерінде, сонымен қатар 2GIS пен «Яндекс карталар» сервистерінде жазылған.
Уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарауды және көрсетілген аумақты айналып өту жолдарын алдын ала қарастыруды сұраймыз, — делінген хабарламада.