Басты бетЖаңалықтарЕлімізде шаруалардың...

Елімізде шаруалардың мәселелерін қарайтын арнайы жұмыс тобы құрылды

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин елімізде пайдаланылмаған және заңсыз берілген жерлерді мемлекетке қайтару мәселесін көтерді.

2022-2023 жылдары комиссия пайдаланылмаған және заңсыз берілген 10 млн га ауыл шаруашылығы жерлерін мемлекеттік меншікке қайтарды. Оның ішінде 4,3 млн га жер қайта айналымға жіберілді. Биыл 2 млн га ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару жоспарланған, бүгінде 1,3 млн га жер қайтарылды. Жер ресурстарын тиімді басқару үшін комиссияның қызметі толығымен қайта форматталды. Енді комиссияның негізгі функциясына жерлерді ұтымды пайдаланылуын бақылауды күшейту және қайтарылған ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді қайта бөлу кіреді, — деді Серік Жұманғарин үкімет отырысында.

Сонымен қатар вице-премьер шаруалардың мәселелерін шешу мақсатында арнайы жұмыс тобы құрылғанын айтты.

Жұмыс тобының бірінші отырысы биыл 10 қыркүйекке жоспарланды. Сонымен қатар жауапсыз тұлғалармен жасалған шарттарды біржақты тәртіппен бұзу практикасын енгізу мәселесі пысықталады. Жер ресурстарын басқару комитеті мен оның аумақтық бөлімшелерінің жерлерді қайтару жөніндегі іс-әрекеттері қолданыстағы заңнамаға қайшы келмейтінін атап өткен жөн, — деді Серік Жұманғарин.