Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда 6,4...

Қазақстанда 6,4 миллион тонна астық бастырылды

Бүгінгі таңда 4,2 млн гектар дәнді дақылдар жиналды. Орташа өнімділік 15,3 ц/га болғанда 6,4 млн тонна астық бастырылды.

Бұл туралы ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мәселен, бидай 3 млн гектарға жуық алқапта жиналды, өнімдігі 15,0 ц/га 4,5 млн тонна, арпа – 926,7 мың га, өнімдігі 16,5 ц/га бастырылды 1,5 млн тонна, сұлы-36,1 мың га, өнімдігі 15,8 ц/га 57 мың тонна.

Картоп 25 мың гектар алқаптан 268,3 ц/га өнімділікпен 669,8 мың тонна жиналды, көкөніс дақылдары 62,2 мың гектардан 247,7 ц/га өнімділікпен 1,5 миллион тоннадан астам жиналды. Бақша дақылдары 88,9 мың га алқаптан жиналды, өнімділігі 257,9 ц/га, жалпы алым 2,3 млн тоннадан асты. Егін жинау науқанына 149,9 мың трактор, 37,6 мың астық жинайтын комбайн, 14,9 мың орақ және 195 мың бірлік басқа техника жұмылдырылды, — делінген хабарламада.

Еске салайық, көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жеңілдетілген қаржыландыру көлемі 580 миллиард теңге болды, бұл өткен жылдармен салыстырғанда үш есе көп.