Басты бетЖаңалықтарСегізінші сайланған...

Сегізінші сайланған парламенттің үшінші сессиясы ресми түрде ашылды

Парламент палаталарының бірлескен отырысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен сегізінші сайланған парламенттің үшінші сессиясы ресми түрде ашылды.

Бірлескен отырысқа сенаттың 46 депутаты және мәжілістің 95 депутаты қатысып жатыр.

Сонымен қатар жиынға орталық мемлекеттік органдардың басшылары, ұлттық құрылтай, адам құқықтары жөніндегі комиссия, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, қоғам өкілдері және еңбек ұжымдары шақырылды.

Еске салайық, тамыз айының соңында мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов парламент палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2024 жылғы 2 қыркүйекте сағат 11.00-де Астана қаласында шақырылсын, — деп жазылған өкім мәтінінде.