Шығыс Қазақстан облысындағы «Ертіс» шахтасында қаза болған төрт адамның отбасына барлық қажет көмек көрсетіледі.
ШҚО әкімі Ермек Көшербаев «Ертіс» шахтасында қаза болған жұмысшылардың отбасыларына барып, көңіл айтты. Жұмысшылардың екеуі «Шығыстүстімет» ЖШС-ның, екеуі мердігер ұйымдардың қызметкері. Тағы бір зардап шеккен жұмысшы ауруханаға жатқызылды.
Марқұмдардың отбасыларына барлық қажет көмек көрсетіледі. Бұл үшін облыстық жедел штаб құрылған. Қазір арнайы комиссия қайғылы жағдайдың мән-жайын анықтап жатыр, — дейді өңір басшысы Ермек Көшербаев.
Еске салайық, кеше Шығыс Қазақстан облысындағы «Ертіс» шахтасында төрт адам қаза болған болатын.