Компания Renew бағдарламасы аясында сатып алушылар өздерінің ескі құрылғыларын өткізе алады. Олар смартфондарды сұрыптап, компонеттерін бөлшектеп отыратын Liam бағдарламасын іске қосқан. Қазір осындай екі конвейер жұмысын бастаған. Әрқайсы жылына 2,4 млн құрылғыны өңдей алады.
Apple бұл қалдықтардан смартфондарға, компьютерлерге қажетті компоненттерді жасап шығармақ. Сонымен қатар қалдықтар құрамындағы мыс пен қалайыны, қымбат металдарды шығарып алады.
Тағы бір мақсат — компанияның жеткізуші зауыттарындағы қалдықтарды азайту. 2015 жылы компания өнеркәсіптік қалдықтарын 240 тоннаға азайтқан.