Президент Малайзияның Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Малайзия Королі Сұлтан Ибрагимді Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
Қазақстан президенті Малайзияның әлеуметтік-экономикалық бағытта жоғары жетістіктерге жеткенін атап өтті. Сонымен қатар екі ел арасындағы қарым-қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанына тоқталып, ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайын екенін жеткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев Король Сұлтан Ибрагимнің барлық бастамасына табыс, ал достас Малайзия халқына бақ-береке тіледі.