Басты бетЖаңалықтарПаралимпиада ойындары:...

Паралимпиада ойындары: бүгін Қазақстан спортшылары төрт спорт түрінен сайысқа түседі

Бүгін, 31 тамызда Парижде өтіп жатқан 2024 жылғы паралимпиада ойындарында қазақстандық спортшылар төрт сайыс түрінен жарыс жолына шығады.

Алдымен пара нысана көздеуден 12:30-да Еркін Ғаббасов жарыс жолына шықса, 15:00-де Севда Әлиева сайысқа түседі.

Ал 13:08-де пара жеңіл атлетикада Гүлбақыт Қайыржанова ел намысын қорғайды.

Сонымен қатар пара таэкондодада 14:26-да Нұрлан Домбаев,14:48-де Нышан Өмірәлі жарысса, 17:00-де волейболды отырып ойнаудан Қазақстан құрамасы Босния және Герцоговинамен кездеседі.

Қазақстан құрамасының спортшылары Париж Паралимпиадасына спорттың 9 түрінен 33 лицензия жеңіп алды.

Дүбірлі дода 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында өтеді.