2 қыркүйек күні мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына жолдауын жариялайды.
Жиынға сенат пен мәжіліс депутаттары, орталық мемлекеттік органдардың басшылары, ұлттық құрылтай, адам құқықтары жөніндегі комиссия, әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшелері, қоғам өкілдері және еңбек ұжымдары қатысады.
Президент жолдауында еліміздің саяси және әлеуметтік-экономикалық даму перспективаларына қатысты мәселелер қамтылады.