Алматыда алғаш рет Yandex Qazaqstan қолдауымен IQ BBQ ғылыми-музыкалық фестивалі өтті.
Фестиваль ғылым мен ойын-сауық, технология мен музыканы біріктірді, сонымен қатар мыңдаған алматылықтарды ғылымды зерттеуге қызықтырды. Фестивальде 4 көріністік-дәрісхана, балалар мен ересектерге арналған 100-ден астам танымдық іс-шаралар, 37 ғылыми танымал жұлдыздар және Ирина Кайратовна мен Moldanazar болды.
Алматы жазы музыкалық іс-шаралар мен фестивальдерге бай, бірақ әрқайсысы басқалардан ерекшеленеді. IQ BBQ ғылыми-музыкалық фестивалі өз алаңында 4 мыңнан астам адамды жинады. Қонақтар Алматыда және жалпы Қазақстанда мұндай іс — шара болмағанын атап өтті. СЖК (жаттығу спорт кешені) ғалымдардың, IT-мамандардың, ғылымды насихаттаушылардың және қала тұрғындарының қарым-қатынасы үшін бір күндік кеңістікке айналды.
Фестивальдің басты сахнасында АҚШ-тан әлемге әйгілі астрофизик Лоуренс Краусс, химик-тиктокер және «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы Ұлан Үсенов, жазушы, ғылыми журналист және биологиялық мифтерді бұзушы Александр Панчин, қазақстандық ғарышкер Айдын Аимбетов, Яндекстің жасанды интеллектті дамыту жөніндегі директоры Александр Крайнов және тағы басқалар өнер көрсетті. Музыкалық бөлімді Никита Забелин мен Петр Термен, Moldanazar және Ирина Кайратовна топтары тізгіндеді.
Негізгі сахнадан басқа, күні бойы тағы үш дәрісхана ашылды: ART, SCIENCE және AI, онда IQ BBQ-ге арнайы шақырылған танымал спикерлер болды. 30-дан астам дәрістер, бірнеше панельдік пікірталастар мен шеберлік сыныптары фестивальдің әр қонағын толғандыратын сұрақтарға жауап табуға мүмкіндік берді.
Біз IQ BBQ–ді жыл сайын жасауды жоспарлап отырмыз. Әлемнің әртүрлі елдерінде өткен осындай фестивальдердің дәлелдері бар: Burning Man, Maker Faire, TOA Berlin, SXSW, олар тек іс-шаралар индустриясын ғана емес, сонымен қатар миллиондаған адамдарды шығармашылық, ғылым және технологиямен айналысуға шабыттандырды. Бүгін біздің фестивальге келген балалардың ғылымға ғашық болғанын және 5-10 жылдан кейін танымал ғалымдар, көрнекті робототехниктер немесе суретшілер болғанын қалаймыз. Әрине, біз заманауи, инфрақұрылымдық, экожүйелік жоба жасағымыз келеді. Спикерлерге біздің шақыруымызды қабылдап, Алматыға ұшып келгендері үшін көп рахмет. Олардың барлығы үлкен ғалымдар және кестелері өте тығыз, мәселен, Айдын Аимбетов бізге фестивальге қатысу үшін Үндістаннан 4 сағатқа ғана ұшып келген болатын, себебі бұл ғалымдар осындай іс-шараларға қатысуды жөн көреді, олар осындай іс-шаралар үшін логистика мен өз жұмыс кестелерінің қиындықтарын жеңуге дайын. Біздің мақсатымыз — көптеген жылдар бойы ғалымдардың, ғылымды насихаттаушылардың, өнер қайраткерлерінің және алматылықтардың бейресми қарым-қатынасы үшін кеңістік құру, — деді IQ BBQ фестивалінің ұйымдастырушылары Дарья мен Николай Тиходеевтер.
IQ BBQ фестивалінің басты қонағы АҚШ астрофизигі, Аризона штаты университетінің Origins жобасының директоры Лоуренс Краусс болды. Ол ғарыш және ғылым туралы баяндама жасады.
Америкалық астрофизик Қазақстан туралы өз пікірімен бөлісті:
Бұл менің Қазақстанға үшінші рет және Алматыға екінші реттік сапарым. Маған Алматының таулары мен адамдары қатты ұнады. Мұнда адамдардың оқуға деген құштарлығы өте күшті, сондықтан мен болашақта тағы келемін деген ойдамын, — деді ол.
Сонымен қатар ғалым көрермендердің «бүгінгі ғарыштық жарыста кім жеңеді» деген сұрағына жауап берді.
Ғалымдардың дәрістері көптеген тыңдаушыларды жинады. Көбісі жасанды интеллект арқылы болатын өзгерістер туралы айтты. Бұл туралы Яндекстегі жасанды интеллект технологияларын дамыту жөніндегі директор Александр Крайнов өз сөзінде — «Біз білім мен ғылымға салынған инвестиция болашақтың кепілі екеніне сенімдіміз. Біз білім мен технология дамудың қозғаушы күшіне айналатын әлемде өмір сүріп жатырмыз және оны барлығына қолжетімді ету біздің міндетіміз, деді.
Бұл өте жайлы іс-шара болды, ол көптеген ғылым әуесқойларын жинады және маған спикерлер құрамы өте ұнады, мен жасанды интеллект пен IT туралы бірнеше баяндамаларды тыңдадым. Жалпы, фестиваль бағдарламасы маған үлкен әсер қалдырды және мен оны үлкен артықшылықтардың бірі деп санаймын. Жаздың аяғын қызығушылық танытатын, ақылды, білімді адамдармен бірге ашық аспан астында өткізу есте қалатын жағымды сәт. Лоуренс Краусс және Михаил Генфальд сынды керемет ғалымдармен, көптеген спикермен жеке таныстық. Ал музыкалық бағдарлама іс – шараның соңында жағымды эмоция сыйлай білді, мен Қазақстаннан жылы естеліктермен, керемет сезімдермен кетемін, ұйымдастырушыларға рақмет, — деп бөлісті Александр Панчин.
IQ BBQ фестивалінің тағы бір құрметті қонағы қазақстандық ғарышкер, Қазақстанның Халық Қаһарманы, әуе күштерінің генерал-майоры Айдын Аимбетов болды, ол ғарышкерліктегі инновациялар мен ғылыми даму туралы айтты: «мұндай фестивальдар жәй ғана қажет емес, олар болуы тиіс және IQ BBQ ұйымдастырушылары Қазақстанда осындай іс-шараларды өткізуде дұрыс бағыт алды!» деп, қысқаша жауап берді.
Фестивальде роботпен Go ойынын үлкен қызығушылықпен өткізген, аспанға зымыран жасап, ұшырған, Play Station турнирінде шайқасқан балаларға арналған көптеген іс-шаралар ұсынылды, ал Marwin Меломан компаниясының балаларға арналған LEGO балалар үстелдері күні бойы бос болмады, «Жұлдызды соғыстар» фильміндегі R2D2-мен серуендеу , химиялық эксперимент жүргізу, ит роботтарымен ойнау, үлкен робот манипуляторын көру немесе интерактивті Робот көрмесінде банан әуенін ойнау. Балалардың көптеген белсенділіктері тек роботтар мен ғылымдарға ғана қатысты емес: керамика, коллаждар, пиксельдік графика, Techno Fit спорттық жарыстары, самокатпен жүру, шахмат турнирлері және аспаздық шеберлік сабақтары. Фестивальдің серіктестері Технодом компаниясынан Airba Fresh, Airba pay, Omoda, Tele2, Барни және FleshUp болды, олар өз қызметін IQ BBQ қонақтарына ұсынды, Альпин баспасы, Марвин фестивальге қатысушы авторлардың кітаптарын сыйға тартты.
Мұндай іс-шарада мен алғаш рет болуым және бұл жай ғана ғылыми конференция емес, дәл осы күн мені де, балаларымды да эмоциялармен, жаңа біліммен және қызығушылықтармен толтырған күн болды, бұл менің баламның хоббиіне айналуы мүмкін! Ұйымдастырушыларға рахмет, бұл шын мәнінде өте керемет, қаншама бақытты және қанағаттанарлық жүздерге қараңызшы!, — деп, IQ BBQ фестивалінің қонағы өз ойымен бөлісті.
Күні бойы IQ BBQ фестивалінің қонақтары мен қатысушылары әр түрлі белсенділіктерді тамашалай алды және әр сағат сайын фестиваль алаңы тек ғана жаңа адамдармен толықты. IQ BBQ фестивалінің қорытындысы қазақстандық «Молданазар» мен «Ирина Кайратовна» хедлайнерлерінің өнер көрсетуі болды.