Қазақстанда қосымша білім беру гранттары тағайындалды. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрлігі хабарлады.
Бұған дейін ҰБТ-дан 100 балдан жоғары ұпай алған мыңдаған талапкер грантқа түспей қалды. Ал үкімет биылғы мемлекеттік тапсырыстың бір бөлігін су тасқынынан зардап шеккен аймақтарда тұратын мектеп түлектеріне бөлуге шешім қабылдады. Сол кезде жоғары ұпай алған талапкердердің ата-аналары шу шығарып, жеңілдікпен берілетін гранттарды жалпы тапсырыстан алынғанына наразылық білдірді. Осыдан кейін қосымша гранттар бөлінді.
Білім беру гранттары белгіленген тәртіппен, конкурс негізінде, ең жоғары ҰБТ баллдарына ие болған үміткерлерге білім беру бағдарламаларының тиісті топтарына сәйкес белгіленді. Барлық грант иегерлері жоғары оқу орындарына қабылдану үшін барулары қажет, — делінген ресми хабарламада.
Грант иегерлерінің тізімін мына жерден жүктеп алуға болады.