Qarmet металлургиялық комбинатында демонтаж жұмысын істеп жатқан екі адам мерт болды. Екеуі де биіктен құлап кеткен. Бұл туралы Қазинформ агенттігі компанияның баспасөз қызметіне сілтеп хабарлап отыр.
Сағат 9:20 шамасында химиялық блок ғимаратының шатырын бөлшектеп жатқанда техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтамағандықтан, «Қазмеханомонтаж» ЖШС мердігерлік ұйымының екі қызметкері биіктіктен құлады, — деп хабарлады «Qarmet» АҚ баспасөз қызметі.
Қайтыс болғандар — 2005 жылы туған Д.Иманғалиев және 1986 жылы туған Ю.Самойлов.
Қайғылы жағдайдың себебі мен мән-жайын тексеру үшін арнайы комиссия құрылған.