Басты бетЖаңалықтарҚазақ десантшы-жауынгер...

Қазақ десантшы-жауынгер әлем чемпионатынан алтын алды

Қырғызстанда гір тасын көтеру спорты бойынша әлем чеспионаты өтіп жатыр. Біріншілікте еліміздің 18404 десанттық-шабуылдау әскери бөлімінің әскери қызметшісі кіші сержант Ержан Төлеубаев чемпион болды. Бұл туралы қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Жасөспірімдер, жастар, ересектер мен ардагерлер арасындағы әлем чемпионаты Шолпаната қаласында өтіп жатыр. Оған әлемнің 13 елінен 350-ден астам спортшы  қатысып жатыр.

Ержан Төлеубаев 68 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіске жетті. Ал екінші орынды Ресей елінің өкілі алды, үшінші орынға Өзбекстаннан келген спортшы табан тіреді.

Бұл Ержан Төлеубаевтың осындай деңгейдегі жарыстарда олжалаған екінші алтыны екенін айта кетейік.