Қарағанды облысының тұрғындары тамыз айының соңғы жексенбісінде дәстүрге сәйкес Шахтерлар күнін атап өткен еді. Атаулы датаға арналған концертте 35 бала адасып қалып, табылды. Бұл туралы облычтың полиция департаменті хабарлап отыр.
Халық саны миллионға жуық кеншілер астанасында сенбінің кешінде Қазақстан және Ресей эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт ұйымдастырылды. Қаланың орталық алаңына бұл концертті тамашалауға 50 мыңға жуық көрермен жиылған. Іс-шара кезінде қоғамдық қауіпсіздікті қадағалауға полиция департаментінің 500-ден астам жеке құрамы жұмылдырылды. Айта кету керек іс-шара кезінде ешқандай құқық бұзушылыққа жол берілген жоқ, — делінгее полиция хабарламасында.
Полиция қызметкерлері концерт кезінде ата-анасынан және жақындарынан адасып қалған 35 баланы тауып, туысқандарына қайтарған.