Іле Алатауының Кіші Алматы шатқалында 21-22 жас аралығындағы екі турист Панорама тау шыңына көтерілген. Күн райын алдын ала көріп алмағаннан, қатты дауыл астында қалып, таудан тиісті уақытқа дейін түсе алмаған. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлап отыр.
ТЖМ РЖҚЖ құтқарушылары жоғалған ер азаматтарды “Панорама” құтқару лашығынан тауып, Алматы қаласына аман-есен жеткізген.
Жастарға медицина көмегі қажет болмады.