Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Армения Республикасының сыртқы істер министрі Арарат Мирзоянмен телефонмен сөйлесті. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Министрлер екіжақты ынтымақтастықты дамытудың қазіргі мәселелерін және көпжақты құрылымдар шеңберіндегі өзара іс-қимылды талқылады.
Аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер де айтылды.
Талқы өзара қарым-қатынасты нығайту мен маңызды мәселелер бойынша келісімге келуге бағытталды.