24 тамыз түнде Қызылорда облысындағы, Жаңақорған ауданы Жаңақорған кентінде жүк көлігі өртенген. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлап отыр.
ТЖМ өрт сөндірушілері көліктегі өртті толық сөндірген. Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталып жатыр, — делінген хабарламада.
ТЖМ автокөлікті өрттен қорғау үшін мына шарттарды орындау қажет екенін еске салып отыр:
- көлікті техникалық байқаудан уақытында өткізу;
- электрониканы тек мамандандырылған орталықтарда орнату;
- көлік салонында қашан да жарамды өрт сөндіргішті ұстау;
- қозғалтқыштың отын аппаратурасының жарамдылығын тексерік тұру;
- көлікте бөгде, тез тұтанатын заттарды ұстамау;
- жанар-жағармай материалдарын тек герметикалық ыдыстарда тасымалдау.