Алматыда 14 мың оқушыны мектеп автобусы тасымалдайды

Алматыда «Мектеп автобусы» жобасы кеңейе түспек. Бұл туралы баспасөз мәслихаты барысында қала әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова мәлімдеді.

Оның айтуынша, жаңа оқу жылында 200 автобус күнделікті 14 мыңнан астам оқушыны тасымалдайды. «Мектеп автобусы» жобасы 2023 жылы басталған, ол кезде 6,1 млрд теңгеге 100 автобус сатып алынған.

Биыл 6 мыңнан астам баланы қамтитын 23 мектепке тағы 100 автобус сатып алынып жатыр.

Бұл — балалардың қауіпсіздігін арттыруға және жол қозғалысына түсетін жүктемені азайтуға бағытталған маңызды жоба, — деп атап өтті Әсем Нүсіпова.