Басты бетЖаңалықтарҚазақстан мен...

Қазақстан мен Тәжікстан президенттері ауыл шаруашылығы өнімдері көрмесін аралады

Қазақстан мен Тәжікстан президенттері ауыл шаруашылығы өнімдері мен ұлттық тағамдар көрмесін аралап көрді.

Бұл туралы Ақорда хабарлады.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмонға көрмеде көкөністер мен жемістер таныстырылды.

Бұдан бөлек, мемлекеттер басшыларына ұлттық тағамдар, соның ішінде аспаздар ерекше талғаммен әзірлеген палау түрлері, таба нандар мен күлшелер көрсетілді.