Алматылық оқушылар үшін алғашқы қоңырау 2 қыркүйекте соғылады. Бұл туралы қала әкімінің орынбасары Әсем Нүсүпова мәлімдеді.
1 қыркүйек демалыс күні балалар демалады, ал 2 қыркүйекте барлығы мектепке барады, — деді Әсем Нүсіпова.
Еске салайық, 1 қыркүйек жексенбіге сәйкес келгеніне қарамастан, оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев алғашқы қоңырау дәл осы датада өтетінін айтты.