Алматының орталығы жарықсыз қалды. Бұл туралы «Алатау жарық компаниясы» хабарлады.
Жарық Қожамқұлов — Бөгенбай батыр — Жамбыл — Байтұрсынов көшелерінде өшіп қалған.
Компанияның мәліметінше, жарық 22 тамызда сағат 14.00 шамасында өшкен. Алайда жарық бір сағаттан соң қалпына келген.