Қырғыз-қытай шекарасында түн ішінде екі жер сілкінісі тіркелді. Бұл туралы Кабар ақпарат агенттігі хабарлады.
Қырғыз Республикасы Ұлттық ғылым академиясы сейсмология институтының мәліметінше, бірінші жер сілкінісі бүгін түнгі сағат 03.14-те болды, эпицентрдегі қарқындылық 4,5 балл болды.
Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында, Бедел ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 35 шақырым, Ыштық ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 46 шақырым, Қаракөл қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 134 шақырым жерде орналасқан. Қырғыз Республикасының елді мекендерінде жер сілкінісінің күші: Бедел ауылдарында 3 балл, Ыштық ауылдарында 2,5 балл болды.
Магнитудасы 3,5 балл екінші жер сілкінісі сағат 04.23-те тіркелді.
Жер сілкінісінің ошағы Қырғызстан мен Қытай шекарасында, Нұра ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 7 шақырым, Ош қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 140 шақырым жерде орналасқан.
Қырғыз Республикасының елді мекендерінде жер сілкінісінің қарқындылығы: Нұра ауылында 3 балл, Икизяк, Иркештам ауылдарында – 2 балл.