Басты бетЖаңалықтарАлматыдағы бір...

Алматыдағы бір көшенің бөлігіне біржақты қозғалыс енгізіледі

Алматыда көлік ағынының өткізу қабілетін арттыру және шиеленіс нүктелерін болдырмау мақсатында Прокофьев көшесінің бір бөлігіне біржақты қозғалыс енгізіледі.

Бұл туралы қалалық мобильділік басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Басқарманың мәліметінше, 23 тамыздан бастап жол қозғалысы сызбасына эксперименталды түрде өзгеріс енгізіліп, Қарасай батыр көшесінен Есенжанов көшесіне дейінгі бөлікте оңтүстік бағытта біржақты қозғалыс ұйымдастырылады. Аталған учаскеде тиісті жол белгілері орнатылады.

Айта кетейік, өзгеріс осы аудан тұрғындарының өтініші негізінде және әкімшілік полиция басқармасымен келісімі бойынша енгізіледі.