Басты бетЖаңалықтарБоксшы Жаңқош...

Боксшы Жаңқош Тұраров өзіне жалған айып тағылғанын мәлімдеді

Қазақстандық боксшы Жаңқош Тұраров өзіне тағылған айыпқа қатысты түсінік берді.

Үш қыз өсіріп отырған әкемін. Төсектес қыз керек болса, маған зорламай-ақ келетін жағдайым бар! Қайдан шыққан жала екенін өзім де түсінбей отырмын. Қазір мәселенің мән-жайын анықтап, кім, қандай жала тағып отырғанын анықтайтын боламын. Маған таңертеңнен бері миллион хабарлама келді. Өзім таңғалып отырмын, бұл ақпарат жалған. Бұл — жала жабу! Мен тексерілмеген, жалған ақпарат таратқаны үшін БАҚ өкілдерінің үстінен де арыз жазып, сотқа жүгінемін, — деп жазды Instagram-парақшасында

Еске салайық, бұған дейін қазақстандық боксшыға қыз зорлады деген айып тағылды.