Агенттікке қарасты аймақтық департаменттердің белсенді жұмысының нәтижесінде мектептер, медициналық мекемелер, су құбырлары және жолдар сияқты 44 күрделі нысанның құрылысы аяқталды.
Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады.
Осы жобалардың ішінде елорда мен бес облыста 10 жаңа мектеп, сонымен қатар 14 ауылдық елді мекенде су құбырларының құрылысы аяқталды. Бұл нысандардың құрылысы бір жылдан үш жылға дейінгі мерзімге созылған еді. Ауылдық жерлерді сумен қамтамасыз ету мәселелері ескеріліп, су құбырларының құрылысының аяқталуы тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруда маңызды рөл атқарды.
Шымкентте ақпараттандыру және қоғамдық бақылау бастамаларының арқасында Қонаев даңғылының құрылысы кезінде артық тірек қабырғаларын орнатудан бас тартып, 3,2 млрд теңге бюджет қаражатын үнемдеп қалды.
Маңызды қадамдардың бірі – құрылыс кепілдігінің жаңа стандарттарын енгізу болды. Енді кепілдік мерзімі кемінде жеті жыл, бұл жемқорлық тәуекелдерін азайтып, жөндеу шығындарын азайтуға мүмкіндік береді. Бұл өзгерістер жаңа Құрылыс кодексінің жобасына енгізілді.
Қазіргі уақытта агенттік 125 нысанның құрылысын бақылауда ұстап отыр.