Басты бетЖаңалықтарБүгін Атырауда...

Бүгін Атырауда ауа ластанады

Бүгін Атырау қаласында жайсыз метеорологиялық жағдайлар қалыптасып, ауа ластанады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК хабарлады.

2024 жылғы 19 тамызда түнде Атырау қаласында ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.