ІІМ әнші Ұланғасыр Қамидің хиджаб кимеген әйелді өлтіру туралы сөзінен қылмыс құрамын таппады. Бұл туралы ҚазТАГ ақпарат агенттігі хабарлады.
Әнші Ұланғасыр Қами әлеуметтік желіде «тұрмыстағы зорлық-зомбылық әйелдер хиджаб кимегені үшін болады» деген пікір білдірген.
Қостанай қаласының тұрғыны Саида Сисембаева әншінің осы пікірінде алауыздықты өршіту бар-жоғын анықтауды сұрап, арыз жазған.
Бұл жағдайда қандай да бір қылмыстық құқық бұзу құрамы болмағандықтан арыз сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелген жоқ, – деп жауап берді министрлік.
Ресми деректер бойынша, Қазақстан полициясына күн сайын тұрмыстағы зорлық-зомбылық жөнінде 300-ге жуық арыз-өтініш түседі.