Басты бетPushҚазақстан таеквондо...

Қазақстан таеквондо федерациясының президенті қызметінен кетті

Қазақстан таеквондо федерациясының президенті Вячеслав Ким қызметінен кетті. Бұл туралы Қазақстан таэквондо федерациясы хабарлады.

Вячеслав Ким бұл шешімге Қазақстан таеквондо федерациясының президенті ретіндегі жұмысы кезінде қол жеткізілген барлық жетістіктерді ұзақ ойлау және бағалау нәтижесінде келді, – делінген хабарламада.

Вячеслав Ким тағайындалған сәттен бастап түрлі іс атқарылғанын айтып, әріптестеріне сәттілік тіледі.

Бүгін эстафетаны тапсыра отырып, осы жолда менімен бірген болған барлық әріптесіме, спортшыларға, жаттықтырушыларға және бізді қолдаған әрбір адамға алғысымды білдіргім келеді. Бұл жол жалғасын тауып, күн сайын жаңа жеңістер әкелсін, – дейді ол.

Қазақстан таеквондо федерациясының президенті ғана емес, вице-президенттер Қанат Толғатұлы, Шадияр Әлжанұлы, Арман Шылманов, бас хатшы Олжас Талғатұлы да өз қызметтерінен кетті.