Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай?

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 477-481 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 13 тамызға арналған ресми бағамы — 1 долларға 479,03 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,31 теңге. Еуро — 523,39

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 478,7 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 480,9 теңге. Еуро 523 — 527 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы — 477 теңге, сатып алу құны — 481 теңге. Еуро 520 теңгеден сатылып, 525 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,23-5,35 аралығында саудаланып жатыр.