Алматыда қоғамдық көліктерде Onay төлем жүйесі жұмыс істемей қалды.
DDOS шабуылына байланысты кейбір пайдаланушылар мобайл қолданбалардың кейбір қызметтеріне, көлік карталарын толтыруға және QR арқылы төлеуге шектеулер болуы мүмкін,- деп хабарлады Алматы көлік холдингінінен.
Қоғамдық көліктерде орналасқан Onay төлем құрылғысы жұмыс істеп тұр. Жол жүру ақысын көлік карталары, SMS және Оnay мобайл қолданбасы арқылы төлеуге болады.
Мамандар мәселені шешіп жатыр.Келтірілген жайсыздық үшін кешірім сұраймыз,- деп атап өтті компаниядан.
Кейін Алматы көлік холдингі кемшіліктер жойылғанын мәлімдеді.