Абай күні: елде ойшылдың құрметіне 100-ге жуық білім беру мекемелері бар

Ұлы ақын және ойшыл Абай Құнанбайұлының туған күніне орай Yandex Qazaqstan Іздеудің басты бетінде оның дәйексөздері бар портретін орналастырды, сонымен қатар карталардың көмегімен Республикада классиктің атымен қандай объектілер аталғанын және олардың қанша екенін анықтады.

Егер суретті бассаңыз, сервис Абайдың қазақ және орыс тілдерінде дәйексөздерінің бірін көрсетеді. Осылайша, сізге ақынның дана өсиеттерін қайта оқуға мүмкін болады немесе, мысалы, өзіңіз үшін оның шығармашылығынан жаңа нәрсе таба аласыз.

Классиктің дәйексөздерін көру үшін, қолданушылар Іздеуде «Абайдың даналығы» сұрауын енгізе алады. Егер сіз көбірек мәлімет оқығыңыз келсе, «Қосымша дәйексөз» батырмасын басу жеткілікті — және сервис ақынның басқа нақыл сөзін көрсетеді.

Абайды үлкен мұра қалдырған Қазақстанның ағарту реформаторы деп санайды. Яндекс картаның мәліметінше, елде ойшылдың құрметіне 100-ге жуық білім беру және мәдени мекемелер, соның ішінде мектептер мен гимназиялар, жоғары оқу орындары мен колледждер, мұражайлар, театрлар мен кітапханалар аталған. Қазақстанның түрлі қаласында ақынға 38 ескерткіш орнатылып, оның есімімен 1 500-ден астам көше, тұйық көшелер мен даңғылдар аталып жатыр. Сонымен бірге елде Абайдың құрметіне аталған сегізден астам табиғи нысандар, соның ішінде шатқалдар, шыңдар, мұздықтар мен асулар бар.