Дәленов Руслан Ерболатұлы бұған дейін 2008 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі қызметін атқарып келген еді.
Ол 1975 жылы 8 ақпанда Целиноград қаласында дүниеге келген.
Білімі жоғары, Стамбул қаласындағы (Түркия Республикасы) Мармара университетін 1999 жылы бітірді, біліктілігі – экономист.
Еңбек жолын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінде 1999 жылы бастады және жетекші маман, бөлім бастығы, Басқарма бастығының орынбасары, Басқарма бастығы лауазымдарын атқарды.
2002 жылғы наурыздан бастап қыркүйекті қоса алғанда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігі Кірістерді талдау және болжамдау департаменті талдау және болжамдау басқармасының бастығы лауазымын атқарды.
2002 жылғы қыркүйектен бастап 2003 жылғы мамырды қоса алғанда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кірістер, конвенциялар және келісімшарттар департаменті Ағымдағы кірістер басқармасының бастығы болып жұмыс істеді.
2003 жылғы мамырдан бастап қыркүйекті қоса алғанда – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Кірістерді талдау және ағымдағы болжамдау басқармасының бастығы.
2003 жылғы қыркүйектен бастап 2005 жылғы қаңтарды қоса алғанда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кірістерді талдау департаментінің директоры болып қызмет атқарды.
2005 пен 2008 жылдары аралығында жеке секторда қызмет атқарған.