Доллар мен рубльдің бүгінгі бағамы қандай?

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 476-480 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 7 тамызға арналған ресми бағамы — 1 долларға 479,40 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,61 теңге. Еуро — 522,93.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 476,5 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 478,7 теңге. Еуро 518—522 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал Астана қаласы бойынша сату бағамы — 476 теңге, сатып алу құны — 480 теңге. Еуро 519 теңгеден сатылып, 524 теңгеден сатып алынады. Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,45- 5,60 аралығында саудаланып жатыр.