Басты бетЖаңалықтарАқша айырбастау...

Ақша айырбастау орындарында доллар неше теңгеден саудаланып жатыр?

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 476-481 теңгеден саудаланып жатыр.

Kurs.kz деректері бойынша, Алматыда валюта айырбастау орындарында 1 доллар 478,7-481,3 теңгеден сатылып жатыр. Ал Астанада доллар бағамы 476–480 теңге аралығында құбылып тұр.

Ұлттық банктің 6 тамыздағы ресми бағамы – 1 долларға 477,15 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы 5,63 теңге болды.

Алматыдағы ақша айырбастау орындарында Ресей рублі 5,53-5,63 теңге аралығында саудаланып жатыр. Астанада көрші ел валютасы 5,42 -5,57 теңгеден сатылып жатыр.