Басты бетЖаңалықтарҚуандық Бишімбаевтың...

Қуандық Бишімбаевтың ісі жоғарғы сотқа жіберілді

Азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы аяусыз өлтіргені үшін сотталған экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі жоғарғы сотқа берілді.

Сот кеңсесіне түскен ақпарат бойынша, Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановтың ісі жоғарғы сотқа жіберілген. Ал 5 тамызда іс судьяға берілген.

Еске салайық, экс-министр Қуандық Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы өлтіргені үшін 24 жылға сотталған.

Қуандық Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов 4 жылға бас бостандығынан айырылған. Екі тұлға да сот шешіміне келіспей, апелляциялық шағым түсірген.