Басты бетЖаңалықтарДоллар 472—477...

Доллар 472—477 теңге аралығында саудаланып жатыр

Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 472—477 теңге аралығында саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 5 тамызға арналған ресми бағамы — 1 долларға 474,57 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы — 5,53 теңге.

Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 472—477 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар 473,9—475,9 теңге аралығында құбылып тұр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,38—5,53 аралығында саудаланып жатыр.