Алматы әуежайында халықаралық әуе рейсінің екі жолаушысы есірткі контрабандасы үшін ұсталды. Бұл туралы көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Пхукет-Алматы бағытындағы әуе рейсі ұшып келгеннен кейін Алматы қаласы әуежайындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері Алматы және Көкшетау қалаларының 26 жастағы тұрғындарын анықтап, ұстады. Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын кесіп өту кезінде қызметтік-іздестіру иті жолаушыларда есірткі заты бар екендігіне белгі көрсетті. Тексеру барысында олардан «гашиш», «кептірілген марихуана» есірткі құралдары және синтетикалық есірткі табылып, тәркіленді, — делінген хабарламада.