Қуат Сандалов президент әкімшілігінде бөлім меңгерушісі болып тағайындалды.
Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Мемлекет басшысының өкімі бойынша, Қуат Жалалитденұлы Сандалов Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі цифрландыруды дамыту бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, — делінген хабарламада.