Қиын әрі салмағы ауыр ойындарды кез келген жерде ойнауға мүмкіндік беретін, қуаты ұзаққа жететін, джойстигі ыңғайлы Rog Ally X консолі шықты. Бұл – ASUS-тың тағы бір жаңа жауһары. Компания консольді бұған дейінгі нұсқасынан екі есе жақсы етіп жасағанын айтады. Baribar.kz тілшісі мен геймер Бейбарыс Бақтаев консольді бірнеше күн қолданып, оның қандай артықшылықтары бар екенін тексеріп көрді.

Сырт көрінісі

Дизайнер әрі әуесқой геймер Бейбарыс Бақтаев ойын құрылғыларына қатты қызығады. Бұған дейін ол ASUS-тың ойынға арналған бірнеше ноутбугын тестілеген. Енді, міне Бейбарыс консольді бір апта қолданып көрді. Осы уақыт ішінде ол құрылғыны қолынан тастамай, жанында алып жүргенін айтады. Себебі Бейбарысқа консольдің әуелі дизайны ұнаған. Rog Ally X-дің түсі қара. Төрт қыры дөңгелек келген, яғни қолға ұстағанда алақанға батпайды.

Әртүрлі құрылғымен ойын ойнап көрдім. Әрқайсының өз артықшылығы бар. Әуелі ноутбук қолданғанмын. Кейін компьютер сатып алдым. Себебі оның экраны үлкен, пернетақтасы және басқа да бөліктері бөлек орналасқан. Бұл маған кішкентай экранға үңіліп отырмауға мүмкіндік берді. Кейін Plastayshion-ға көштім. Өйткені ол арқылы диванда да отырып ойнауға болады. Бірақ диванды экранға қарай бұрып қою керек. Қазір міне, консоль қолданып көрдім. Ең ыңғайлысы осы консоль дей аламын. Себебі консольмен отырып та, жатып та, басқа жерде жүріп те ойнай аласың, — дейді ол.

3c1a4b8c76bbb2ae0c9c8f26ae7eadcb Жаңа деңгей: ROG Ally X ойын консолін не үшін сатып алу керек?
Бейбарыс Бақтаев. Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Бейбарыстың айтуынша, консольдің ұтымды тұсы – екі істі қатар істей алатыныңда, яғни жұмысты да бітіресің, ойын да ойнайсың. Мысалы, ол өткен аптаның бір күнінде банкке барған. Ондағы кезегі келгенше екі сағат өткен, бірақ ол сол уақытта бекер отырмай, консоль арқылы ойын ойнаған.

Банктен шыққан соң көлігіме мініп, консольді қуаттағышқа қойдым да, Халыққа қызмет көрсету орталығына бардым. Ол жақта да кезек күткен уақытта ойнап отырдым. Басқа күні жұмысқа метро арқылы қатынадым. Сол кезде де консольмен ойын ойнадым. Құрылғыны жаныңда тасып жүретінің жақсы екен. Уақытыңды тиімді, қызық өткізесің, — дейді Бейбарыс.

12e29210b2e93c28ac67c883f7077c35 Жаңа деңгей: ROG Ally X ойын консолін не үшін сатып алу керек?
Бейбарыс Бақтаев. Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Консольдің салмағы – 678 грамм. Бұл бұған дейінгі нұсқасынан сәл ғана ауырлау (ол 608 грамм еді), десе де айырмасы білінбейді. Жаңа консольдің салмағы сәл артқанымен, көлемі аса өзгермеген.

1224be9a7a861e9cd68b80c109820983 Жаңа деңгей: ROG Ally X ойын консолін не үшін сатып алу керек?
Бейбарыс Бақтаев. Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

ASUS ROG Ally X сипаттамасын оқығанымда оны ауыр, ұзын, үлкен құрылғы деп елестеттім. Себебі біраз функциясын максимал түрде мықты етіп жасаған. Бірақ мен ойлағандай ауыр болмай шықты. Шағын ғана бұл консоль кей ноутбуктан да мықты дер едім, — дейді Бейбарыс.

989efc959b2b5959fdd2742ba65e0ed0 Жаңа деңгей: ROG Ally X ойын консолін не үшін сатып алу керек?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Жалпы сипаттамасы: процессор, операциялық жүйесі

ASUS ROG Ally X консолінің процессорыAMD Ryzen™ Z1 Extreme Processor. Мұндай процессоры бар құрылғы деректі жақсы өңдейді әрі тапсырмаларды жылдам, жақсы орындайды. Графикалық ядросы — AMD Radeon. Соның арқасында консольдағы видеолар, ойындағы кейіпкерлер анық көрінеді және бірсарынды қозғалады.

Консоль Windows 11 операциялық жүйесі бойынша істейді. Оны тек ойын құрылғысы ретінде емес, фильм көруге, құжаттарды өңдеуге және тағы басқа істер үшін компьютер немесе ноутбук ретінде қолдануға болады.

568049e3e7d86afd3f51fbc6b336752c Жаңа деңгей: ROG Ally X ойын консолін не үшін сатып алу керек?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Бұрын консоль қолданып көрмегенмін. Консольді қосып қалғанымда таңғалдым. Компьютердің мини нұсқасы сияқты. консоль арқылы Stim парақшама кіріп, Apex legends-ті, Counter strike-ты, Redemption-ды ойнадым. Тура компьютер мен Plastayshion-дегідей болды. Дәл сол графика, дәл солай қозғалады, экраны жап-жарық, қатпайды. Айтпақшы, тек Stim емес, Xbox және тағы басқа ойын жүйелері бойынша да ойнауға болады екен, — дейді геймер.

d4cd58c5307b7141f532b66a1553d6fd Жаңа деңгей: ROG Ally X ойын консолін не үшін сатып алу керек?
Бейбарыс Бақтаев. Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Дисплейі

ASUS ROG Ally X консолінің дипслейі – 7 дюйм. Жарығы – 500 кд/м2, жиілігі – 120 Гц. Экраны сенсор. Осы сипаттамасының арқасында бұл дисплейде көрсетіген кадр қатпайды, бірқалыпты жүреді. Мәселен, адам трассада жарысып бара жатқан көліктердің сайысы ойынын ойнаса, қатты жылдамдықпен келе жатқан көлігі бірқалыпты «ұшады». Консольдің экранындағы бейнелер тек ғимаратта емес, күн түсіп тұратын далада да анық көрінеді.

782f6e3ced2a0b91d8edcf6987ac96b9 Жаңа деңгей: ROG Ally X ойын консолін не үшін сатып алу керек?
Бейбарыс Бақтаев. Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

 Жады

Оператив жады – 24 Гб LPDDR5, ал пайлалануға болатын жады — 1Тб NVMe. Asus ROG Ally-дікіне қарағанда екі есе көп етіп жасаған. Бұл қолданушыға түрлі ауыр ойын жүктеуге, оны еш кедергісіз ойнауға мүмкіндік береді.

82df5d581f453a1fceef811dd4633943 Жаңа деңгей: ROG Ally X ойын консолін не үшін сатып алу керек?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Айтпақшы, консольге Armoury Crate SE 1.5 деген бағдарлама орнатылған. Ол қолданушы жүктеген ойындардың қаншалық консольге ыңғайланып-ыңғайланбағанын айтып бере алады және ыңғайлап береді. Оған қоса ол жерден джойстиктегі әр батырманың әр ойында қандай қызмет атқаратынын көруге болады.

Джойстигі

Бейбарыс Бақтаев компанияның джойстикті жаңартқанын бірден байқаған. Ол жаңа нұсқасы ыңғайлы екенін айтады. Батырмаларын да сәл өзгеше еткен. Олар бұған дейінгі нұсқасынан да жылдам істейді. Оған қоса консольдің артқы жағындағы батырмаларын да кішілеу еткен. Соның арқасында адам оны керек емес кезде байқаусызда басып қоймайды.

6b4c70dac0a14e2fa16ce536d7e66e52 Жаңа деңгей: ROG Ally X ойын консолін не үшін сатып алу керек?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz
19034bc44040e93f3395b6907c382216 Жаңа деңгей: ROG Ally X ойын консолін не үшін сатып алу керек?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Желдеткіші

ROG Ally Х консолінің үлкен аккумуляторын құрылғыға сыйдыру үшін оның желдеткішін кішірек етіп жасапты. Бірақ бұл желдеткіштің сапасы нашарлады деген сөз емес. Керісінше, желдеткіш құрылғының ішін де, сенсор экранын да қыздырмай, қалыпты температурада ұстап тұрады.

b0586cb53a96edd714efe760a373d450 Жаңа деңгей: ROG Ally X ойын консолін не үшін сатып алу керек?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Redemption деген ойын құрылғыларды қатты қыздырып жіберетін. Консольдің желдеткішін тексеру үшін соны көбірек ойнадым. Көңілімнен шықты. Желдеткіші жақсы істеді, дыбысы қатты шықпайды, құрылғыны дер кезінде суытып отырды, — дейді Бейбарыс.

 Қуаттағышы мен жалғағыштары

Компанияның бұған дейінгі консолінің аккумуляторы сағатына 40 Вт еді. Бұл жолғысын екі есе қуатты етіп жасапты. Rog Ally X-тің аккумуляторы – сағатына 80 Вт. Мәселен, адам ол арқылы видео көрсе, қуаты тоғыз сағатқа, ал ААА деңгейіндегі, яғни  Red Dead Redemption 2,  Madden NFL сияқты ойындарды тоқтамай ойнаса, қуаты үш-төрт сағатқа жетеді.

38b05eb1cc5f1ce6d2a123611e4855a6 Жаңа деңгей: ROG Ally X ойын консолін не үшін сатып алу керек?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Компания көптеген клиентінің қалауын ескеріп, жаңа консольге бірнеше жалғағыш жасаған: бірі – USB-C®, екіншісі — Thunderbolt™.

6f591d9bc310fbe2bb0dc425b4bc1870 Жаңа деңгей: ROG Ally X ойын консолін не үшін сатып алу керек?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Менің досым ROG Ally консолін қолданған. Қолымдағы ROG Ally X консолін көріп, бірден «мә, порттары бар екен, қандай күшті» деді. Шынымен де, осы жалғағыш арқылы консольге тінтіуірді де, пернетақтаны да, тіпті қосымша видео карта да қоса аласың, — дейді Бейбарыс.

ead2db8dbe78b85abe4d1e8da0a69740 Жаңа деңгей: ROG Ally X ойын консолін не үшін сатып алу керек?
Фото: Бақдәулет Әбдуалы/Baribar.kz

Қорытыныдалай келе, ROG Ally X ойын консолін бірнеше күн қолданып, оның мынадай артықшылықтарын байқадық:

  • құрылғы жеңіл;
  • жады көп;
  • экраны кадрды анық көрсетеді;
  • желдеткіші құрылғыны жақсы суытады;
  • қуаты ұзаққа жетеді;
  • джойстигі ыңғайлы.
ROG Ally X ОЙЫН КОНСОЛЫНА ASUS ҚОЛДАУЫМЕН ШОЛУ ЖАСАЛДЫ

1545d6c37b5d713b22fa2f101cbdea60 Жаңа деңгей: ROG Ally X ойын консолін не үшін сатып алу керек?