Алматының төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындары мен қонақтарын таулы аймақта өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырды.
Алматы тауларында өрт қауіптілігінің IV санаты жарияланды. Сондықтан тауларда от жағуға тыйым салынады. МҰТП аумағында өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзғаны үшін айыппұл шамамен 370 мың теңге, – делінген хабарламада.
Сонымен қатар төтенше жағдайлар департаментінде қайғылы жағдайға жол бермесі үшін қауіпті су қоймаларының маңында 83 тыйым салу белгісі қойылғаны хабарлады.
Олардың қатарында «Әуежай» көлі, «Үлкен және Кіші Алматы» және «Есентай» өзендері бар.