Марат Қалқабаев Қазақстан ҰҚК төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Мемлекет басшысының өкімімен Марат Өмірбекұлы Қалқабаев Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары лауазымынан босатылды, — делінген хабарламада.