Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 471-476 теңге аралығында саудаланып жатыр.
Ұлттық банктің 29 шілдеге арналған ресми бағамы – 1 долларға 474,83 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған бағамы – 5,50 теңге.
Kurs.kz мәліметі бойынша, Астанадағы валюта айырбастау орындарында 1 доллар 471-476 теңгеден сатылып жатыр. Ал Алматыда доллар 472,9–474,5 теңге аралығында құбылып тұр.
Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,30-5,49 аралығында саудаланып жатыр.